Такси жүргізушісі сүйіктісінің пәтеріне барып, қымбат 2 телефонын ұрлап кетті

Такси жүргізушісі сүйіктісінің пәтеріне барып, қымбат 2 телефонын ұрлап кетті

Полиция жедел іздестіру нәтижесінде, ірі көлемде ұрлық жасаған 28 жастағы такси жүргізушісін ұстады.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, полицияға шағымданған астаналық қыз ұрымен таксиде танысқанын айтқан. Жастар арасындағы таныстық соңы махаббатқа ұласқан.

Кездесуден соң жігіт қыздың пәтеріне  барған. Сол кезде жалпы сомасы 1 млн. 879 мың теңге болатын iPone12, Samsung Galaxy A12 маркалы екі ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Полицейлер күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, ұрланған телефондарды иесіне қайтарды.