Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

2 қыздың өліміне себепкер болған жүргізуші қандай жазаға тартылады?

Мейірім Бақытжанова
Сәуір 5, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
жүргізуші, жол-көлік оқиғасы, Қорам ауылы

Фото: Аlmaty.tv

2 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында 54 жастағы мас жүргізуші 4 оқушы қызды қағып кетті. Олар: үйінің жанында, жол жиегінде тұрған сегіз жастағы екі қыз бен тоғыз жастағы екі қыз. Салдарынан үш қыз ауыр жарақат алды. Оның екеуі ауруханада қайтыс болды, біреуінің аяғы сынған. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушіге қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты.

Полиция департаменті бастапқыда Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 2-бөлігі (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекет) бойынша іс қозғаған еді.

Екі жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін ПД күдікті жүргізушіге қатысты істің қайта сараланатынын хабарлады.

«Тергеу барысында қыздардың бірінің қайтыс болуына байланысты ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша қайта саралау жүргізілді. Зардап шеккен екінші жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты күдіктінің әрекеті ҚР ҚК 345-1-бабы 4-бөлігіне қайта сараланды, яғни «Автомобильдi басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген алкогольдік масаң күйде жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы».

Жедел жәрдем көлігіне кедергі келтірген Lexus жүргізушісі ұсталды

59 жастағы такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

12 сәуірден бастап Алматы облысында карантин күшейтіледі

Енді құқықбұзушыға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Қазір жүргізуші тергеу изоляторында қамауда», – деп мәлімдеді Алматы облысының ПД өкілі.

54 жастағы жүргізуші Әсет Демесінов полицейлерге берген жауабында сол күні әдеттен көбірек арақ ішіп қойғанын айтып, кінәсін мойындаған.

КТК арнасының мәліметінше, күдікті алкогольдік ішімдікті жалғыз өзі отырып ішкенін, жол жиегімен келе жатқан оқушы қыздарды таптап өткенін келесі күні бір-ақ түсінген. Қатты соққыдан «УАЗ» көлігінің капоты мен бампері қисайған.

Былтыр жол-көлік оқиғасынан 3140 кәмелетке толмаған адам зардап шеккен

Қазақстанда 2019 жылы жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандар саны – 2 мың шамасында. Былтыр республика бойынша 13 515 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер саны − 19 841 адам (2019 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға аз – 24 585), оның ішінде 17 844 адам жараланды. Қайтыс болғандар саны − 1997 адам. Зардап шеккендердің 3140-ы кәмелетке толмаған.

ҚР Бас Прокуратурасының мәліметінше, былтыр жалпы жол-көлік оқиғаларының 74,6%-ы елдімекендерде болған. ЖКО-ның 86%-дан астамы, яғни, 11 717 оқиға жүргізушілердің кінәсінен болған. Оның ішінде 544 жағдайда жүргізушінің алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.

жол-көлік оқиғасы

Жол апаты кезінде тіркелген өлім фактісінің 65%-ы жаяу жүргіншіні қағып кету оқиғасымен байланысты. Былтыр елімізде осындай оқиға салдарынан 1298 адам қаза болған.

жол-көлік оқиғасы

Қай қалада жол-көлік оқиғасы жиі тіркеледі?

Былтыр қазақстандағы ең көп жол-көлік оқиғасы Алматыда болған. Онда елдегі жалпы ЖКО-ның 24%-ы тіркелген. Былтыр Алматыда 3245 ЖКО фактісі тіркелген. Одан 3891 адам зардап шеккен. Былтыр ЖКО жиі тіркелетін өңірлердің тағы бірі – Нұр-Сұлтан (466 ЖКО), сосын Шымкент (322 ЖКО).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылғы мәліметі бойынша, әлемде жол-көлік оқиғасынан жыл сайын 1,35 млн. адам қайтыс болып, 50 млн. адам жарақат алады. Көбіне алған жарақаттан өмір бойы азап шегіп немесе мүгедек болғандар саны артқан.

ДСҰ қорытындысы:

  • Әлем бойынша жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың саны жоғары деңгейде;
  • Жол-көлік оқиғасынан алған жарақат балалар мен жастар өлімінің негізгі себебі;
  • Әлемдегі жол-көлік оқиғаларынан болатын өлімнің жартысынан көбі жаяу жүргіншілер, велосипед пен мотоцикл жүргізушілерде жиі орын алады;
 
Тегтер: Алматы облысыЖКОжол-көлік оқиғасыҚорам ауылы
Алдыңғы жаңалық

Елбасы Қабдеш Жұмаділовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Келесі жаңалық

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері вакцина салдырған соң қайтыс болды деген қауесет тарады

Ұқсас жаңалықтар

көлік, бөлшек, жалға алу, Шымкент, ұрлық
Жаңалықтар

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 2021
пара, судья, Шығыс Қазақстан
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Қазақстан
Жаңалықтар

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 2021
Нұра, Қарағанды облысы, ер адам, көлік, Полиция департаменті
Жаңалықтар

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 09:08

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 08:31

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 08:10

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 07:41

Биыл докторантураға түсу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді?

Сәуір 12, 07:16

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 12, 06:52

Сыртқы істер министрлігі Пулково әуежайында қалып қойған Томирис Айтжановаға қатысты түсініктеме берді

Сәуір 12, 01:05
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

көлік, бөлшек, жалға алу, Шымкент, ұрлық

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 2021
пара, судья, Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»