Синоптиктер ауа райына байланысты 10 облыста ескерту жариялады
Синоптиктер ауа райына байланысты 10 облыста ескерту жариялады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау облысында кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ығысып, күндіз кейде 15-20 м/с болады. Жамбыл облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. 5-7 сәуірде тұман, 5-6 сәуір күндері түнде кей жерлерде көктайғақ болып, күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. 6-7 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с солтүстік-батыстан соғатын жел күтіледі. Таразда 5-7 сәуір күндері таңертең тұман болып, күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Ертең күндіз жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, кейде 23 м/с болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оралда таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болмақ. Жел оңтүстік-батыс, батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз 15-20 м/с болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, батыстан соғатын жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Шымкентте кейде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын жел екпіні түнде 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістанда таңертең бұршақ жауып, күн күркірейді.