Қызылордада малына ие болмағандарды жауапқа тартты
Қызылордада малына ие болмағандарды жауапқа тартты
302
оқылды

Жыл басынан бері облыс аумағында үй жануарлары 6 жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Соның салдарынан 5 адам түрлі жарақат алды.

Осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс жолдарында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы №473 шешіміне сәйкес, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы ереже әзірленген. Аталған ереже негізінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 408-бабының талаптарына сәйкес, Қызылорда облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерімен қараусыз жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне қатысты әкімшілік жазаларды қолдануда.

Қызылорда облысының Полиция департаменті ірі қара мал иелеріне оларды бақылаусыз жаюға жол бермеу туралы ескертеді. Үй жануарларының иелеріне жануарларды жаю, сондай-ақ, оларды арнайы белгіленген орындардан тыс автомобиль жолдары арқылы айдап өту үшін әкімшілік жауапқа тартылатындығын ескертеді.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ, Қызылорда облысы