Бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды

Бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.