Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері вакцина салдырған соң қайтыс болды деген қауесет тарады
Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері вакцина салдырған соң қайтыс болды деген қауесет тарады
Қазнетте Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін екінші күні қайтыс болды деген хабар тарады. Бұл жалған, - деп хабарлады stopfake.kz. Хабарламада Қырғызстан СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Бақтияр Шәкіровтің фотосуреті бар, оның қайтыс болғаны туралы ақпарат 1 сәуірде тараған болатын. Өлімінің ресми себебі әлі айтылған жоқ. Оның Қырғызстанда алғашқы болып COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың бірі болғаны белгілі. Оған қытайлық «China Biotekshnology go LTD» компаниясының «SinoPfarm» препараты егілген. Бірақ, 2 сәуірде Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі Бақтияр Шәкіровтің COVID-19-ға қарсы қандай да бір вакцина алғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.
– Вакцинация жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде вакцинаны медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, оқытушылар және әлеуметтік қызметкерлер алады. Дипломатиялық құрылымдардың қызметкерлері аталған адамдар тобына жатпайды, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Республикалық сот-медициналық сараптама орталығының сарапшылары Шәкіровтің денесін сырттай тексеру кезінде иық аймағынан вакцинацияның іздерін таппады. БАҚ-тың хабарлауынша, қайтыс болған СІМ қызметкерінің вакцинацияланғаны туралы Денсаулық сақтау министрлігінің экс-баспасөз хатшысы Елена Баялинова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған. Кейін ол Шәкіровтің вакцина алғанын нақты білмейтінін және ал оның вакцинадан көз жұмғаны туралы «Денсаулық сақтау министрлігінің назарын аудару үшін» жаздым деп мәлімдеді. Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда SinoPfarm вакцинасы қолданылып жатқан жоқ. Елімізде азаматтарға ресейлік «Спутник-V» препараты егілуде.