Алматы облысында қызды буындырып өлтіріп, өртеп жіберген қылмыскерге үкім шықты
Алматы облысында қызды буындырып өлтіріп, өртеп жіберген қылмыскерге үкім шықты
141
оқылды

Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы қызды аса қатігездікпен өлтірген Өрнек ауылының 28 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Оны ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соттады. Прокурор және жәбірленуші оны кінәлап, 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот оны 13 жылға соттады. Қылмыскер жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейтін болады. Үкім биыл 24 ақпанда шыққан, алайда ол тек бүгін белгілі болды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 21 тамызда Еңбекшіқазақ ауданының Өрнек ауылында  16:00 шамасында қыздың мәйіті табылды. Бойжеткен аса қатігездікпен өлтірілген. Екі күн ішінде оны кім өлтіргені белгілі болды. 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған.

Қылмыскердің айтуынша, 20 тамызда қызды  себепсіз тұншықтырып өлтірген. Кейін қылмысын жасыру үшін мәйітін өртеп жіберген.