Нұр-Сұлтанда айына 1,28 млн теңге төлеп оқитын мектеп бар
Нұр-Сұлтанда айына 1,28 млн теңге төлеп оқитын мектеп бар
414
оқылды

QSI халықаралық мектептің бір айлық ақысы 1,28 млн теңге тұрады. Онда бар-жоғы 312 оқушы оқиды. Білім ордасының құрылтайшысы – Quality schools international.

[caption id="attachment_125740" align="alignnone" width="1200"]Нұр-Сұлтан ©weproject.media[/caption] Ол – Еуропа, Азия, Африка, Таяу Шығыс және Американың бірқатар елдерінде ағылшын тілін оқытатын коммерциялық емес халықаралық мектептер тобы. Алғашқы мектебі 1971 жылы құрылған екен. Ұйымның дүниежүзілік штаб-пәтері Мальтада орналасқан. Еліміздегі филиалы 2005 жылы ашылған. [caption id="attachment_125741" align="alignnone" width="1200"]Нұр-Сұлтан ©haileybury.kz[/caption] Ал екінші орында Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» қайырымдылық қоры мен ҚР Тұңғыш Президент қоры құрған – Haileybury astana мектебі. 505 бала оқитын мектептің айлық төлемі – 1,04 миллион теңге. Мектептің негізі Ұлыбританияда құрылған. Қазір білім мекемесі Imperial колледжімен серіктес. Сондықтан мұндағы оқушылар 11-сыныпты аяқтағаннан кейін іштегі емтиханды тапсырса, IGCSE – орта білім алғаны жөнінде халықаралық сертификатқа ие болады. 13-сыныпты аяқтап, емтиханнан өтсе, халықаралық деңгейдегі A-деңгейлік сертификат алады (Advanced Level General Certificate of Education). [caption id="attachment_125744" align="alignnone" width="1600"]Нұр-Сұлтан ©spectrum.edu.kz[/caption] Үшінші орын – Spectrum халықаралық мектепке тиесілі. Оның бағасы – 654 мың теңге. Онда оқитын балалар саны – 427. Мектептің құрылтайшысы «Білім орда» атты халықаралық қоғамдық қоры екен. [caption id="attachment_125746" align="alignnone" width="900"]Нұр-Сұлтан ©pandaland.kz[/caption] Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының қолдауымен құрылған білім ордасында 310 оқушы бар. «Мирас» халықаралық мектебінің айлық төлемі – 435 мың теңге. Сондай-ақ, «Білім орда» халықаралық қоғамдық қорының «Нұр-Орда» лицей-мектебі бар. 907 оқушысы бар мектептің айлық төлемі – 278 мың теңге. [caption id="attachment_125747" align="alignnone" width="1920"]Нұр-Сұлтан ©2gis.kz[/caption] Алтыншы әрі соңғы орын – Татьяна мен Валерий Ильященко негізін салған «Экономикалық лицей». Оның айлық ақысы – 100 мың теңге. Оқушысы мыңнан асады екен.