Бекшин елімізде сәуірде коронавирус өршитінін айтты
Бекшин елімізде сәуірде коронавирус өршитінін айтты
5,088
оқылды

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин сәуірде коронавирусқа қатысты жағдай қандай болатынын айтты. 

Жандарбек Бекшиннің пікірінше, сәуірде коронавирус өршиді.

"Меніңше, сәуірде індет өршиді.  Вирустың жұқпалылығы жоғары. Сондықтан наурызбен салыстырғанда сәуірде коронавирусқа шалдыққандар саны артады", - деді Бекшин.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин тойда билеп жүрген қызметкеріне қатысты пікір білдірген болатын.