Оралда инфекциялық станционарлардың төсек-орын қоры 90% толған
Оралда инфекциялық станционарлардың төсек-орын қоры 90% толған
118
оқылды
БҚО жедел штабының отырысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Арман Қалибеков облыс бойынша инфекциялық стационарлардағы жағдай қалай екенін айтты, - деп жазады "Мой город".
- Батыс Қазақстан облысында 9 инфекциялық стационар бар, онда төсек-орын 64,5% толған. Жансақтау бөліміндегі төсек-орын толымдылығы 38,5%-ды құрайды, - деді ол.
БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, облыс бойынша инфекциялық стационарлардың толымдылығы 64%-ды құраса, Оралда  90%-ды құрайды. Бұл жағдайдың қиын екенін көрсетеді.
- Нұр-Сұлтан мен Алматыда  күн сайынғы ауру жұқтыру көрсеткіші 400 адамды құрайды,келесі орында біздің өңір тұр.  Бізде халық саны  айтарлықтай аз екенін ескерсек, коронавирус бойынша біз бірінші орында тұрмыз, - деді әкім.