Тұрсынбай Құлахмет әлемдік рейтингте бірден 48 сатыға жоғарылады
Тұрсынбай Құлахмет әлемдік рейтингте бірден 48 сатыға жоғарылады
150
оқылды
Бұрын жеңілмеген венесуэлалықты 72 секундта нокаутқа түсірген қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет BoxRec рейтингінде 48 саты жоғарылады,- деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл айқасқа дейін Тұрсынбай бірінші орта салмақ рейтингінде 187-ші орында болған, ал қазір 139-шы. Ал 20 жеңіске жетіп, алғаш рет жеңілген Рондон 36 саты құлдырап, 184-тен 220-ға түсті. Дубайда өткен кездесуде Тұрсынбай Құлахмет мансабында жиырма жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен венесуэлалық Хебер Рондонды нокаутқа жіберген болатын. Бұл күні Жанқош Тұраров та рингке шығуы керек еді, бірақ қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылды.