Үздік туристік аумақтар анықталады
Үздік туристік аумақтар анықталады
127
оқылды

Сенаторлар туристік қызмет мәселелерін шешуге арналған заң жобасын қарайтын болды. Бұл Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен бюро оты­рысында анықталды. Жиында келесі аптада, 8 сәуірде өтетін Сенаттың кезекті оты­ры­сының күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды.

Үкіметі мен Қырғыз Респуб­­ликасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынты­­­мақтастық туралы келісімді ра­тификациялау туралы» заң жо­­басын қарайды деп күтілуде. Ке­лісім екі ел арасындағы көші-қон процестерін реттеуге қа­тыс­ты мә­лімет алмасуды оңай­латады. Осылайша, тараптар ста­­­­тис­ти­калық, құқықтық және ғы­­лыми-әдістемелік ақпаратты, сондай-ақ олардың аумағындағы екі мем­лекеттің азаматтары ту­ралы мәлі­меттерді бір-біріне береді. Сондай-ақ Сенат депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойын­­­ша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жо­басын талқыға салмақ. Елімізде туристік басымдыққа ие үздік -10 аумақ белгіленеді. Егер инвес­торлар ол жерде туристік объекті құрылысын бастауға ұйғарса, онда оған жеңілдіктер беріледі. Бюро отырысы барысында Мә­жілістен келіп түскен заң жо­балары Сенаттың тұрақты коми­теттері арасында бөлінді.

Ерік ЕРДЕНОВ