Жапония Қазақстанның табысына тәнті болды
Жапония Қазақстанның табысына тәнті болды
101
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады. Палата Спикері елшінің қазақ-жапон қарым-қатынасын, соның ішінде парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан айрықша еңбегіне тоқталды.

Бүгінде Жапония Қазақ­станның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі саналады. Нұрлан Нығматулин атап өт­­­­кендей, біздің елдерімізді бейбіт өмір құндылықтары, әлеуметтік-экономикалық дамуды қам­­­та­­масыз етуге бағытталған ортақ ұс­­танымдар біріктіреді. Мәжіліс Төрағасы Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы дәстүрлі достық өзара тиімді әріптестік және ынтымақтастық негізінде жоғары деңгейде даму жолына түскенін алға тартты. Бұл бағытта Қазақстанның Тұңғыш Прези­­­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор екенін атап өтті. Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Күн­­­­­шығыс елімен» қатынасты одан әрі тереңдетуге көңіл бөліп келеді. Өз кезегінде Тацухико Касаи биыл Тәуелсіздігіне 30 жыл то­латын Қазақстан осы уақытта то­­­лағай табыстарға қол жеткіз­­генін, бұл тиімді саяси басшы­­лықтың және бірлігі жарасқан ха­­лықтың ерен еңбегі екенін ай­тып, шынайы ризашылық сезімін білдірді.

Елдос СЕНБАЙ