Этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды
Этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды
114
оқылды

Еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау ми­­­­­нистр­лігінің баспасөз қызметі 2021 жыл­­ғы 1 сәуір­дегі мәлімет бойын­­­ша 3 966 адам қандас мәр­­­те­­­бесін алғанын хабарлады.

Жалпы, 1991 жыл­дан бері республикаға ша­мамен 1 мил­­­лион 74,3 мың этникалық қазақ оралды. – 2021 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандас­тар­дың жартысынан көбі (75,6 пайыз) Өзбекстаннан, 11,9 пайызы – ҚХР-дан, 5,8 пайызы Түрікмен­станнан, 3,0 пайызы – Моңғолия­дан және 3,6 пайызы басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (32,6 пайыз), Түркістан (16,5 пайыз) және Маңғыстау (14,2 пайыз) облы­с­тарына, сондай-ақ Шымкент (12,0 пайыз) және Нұр-Сұлтан (5,4 пайыз) қалаларына қо­ныстанды, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі. 1 сәуірдегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этни­калық қоныс аударушылар саны – 59,9 %, еңбекке қабілетті жастан кіші –24% және зей­неткерлер – 16,0%.

А.ЖОЛДАС