Әріптесінің атынан несие алған
Әріптесінің атынан несие алған
102
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы бала­­бақ­ша­лардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс іс­тейтін 26 жастағы қыз әріптесін алдап, оның атына 4 рет несие ресімдеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция де­партаментінің баспасөз қызметіне ха­­барлады.

Тергеу барысында 26 жастағы қыз өз әріптесінің атына микрокредиттік ұйымдардан 4 рет қарыз ресімдеп, оның банк картасының нөмірін көрсеткені белгілі болды. Ол өз картасы бұғатталғандықтан, ақшасын ала алмай жүргенін айтып, әріптесіне банк картасындағы деректерді айтуға көндіреді. Карта иесі шотқа келіп түскен несиені жай ғана аударым екен деген оймен қызға шешіп беріп отырған. «Тергеу барысында күдіктінің қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды. Әріптесінің жеке бас деректерін сөмкесіндегі құжаттарды суретке түсіру арқылы алып отырған. Қазір күдіктінің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, ол бұрын осындай қылмыс үшін қыл­мыстық жауапкершілікке тартылған» делінген де­­партаменттің мәліметінде.

Айша ЕРСҰЛТАН