6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
150
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, кей өңірлерде жауын-шашын жауады. Атап айтқанда, батыста нөсер жауын жауады, тек оңтүстікте ауа райы ашық болады.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, батыста шаңды дауыл соғады. Атырау, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар облысында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында тұман түсіп, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.