Қазақстанның Қызыл кітабына тағы үш жануар енді
Қазақстанның Қызыл кітабына тағы үш жануар енді
184
оқылды

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Бұған «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтырулар енгізгені негіз болып отыр. Айта кетейік, алдыңғы Азия қабыланы популяциясының әлемдегі жалпы саны 870 -1, 3 мың бас, Қазақстанда тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңындағы жолбарыстарды көбейтудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Мақсат – жолбарыстардың көбеюіне жағдай жасау. Пржевальский жылқысы жабайы жылқылардың кіші түрлеріне жатады. Елімізде шамамен 10 шақтысы бар.

Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.