Әлия Назарбаева «Жасыл елдің» төрағасы болды
Әлия Назарбаева «Жасыл елдің» төрағасы болды

Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрағасы Әлия Назарбаева енді «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағы кеңесінің төрағасы атанды.

Кеңестің құрамында: Айгүл Соловьева – кеңес төрағасының орынбасары, «Экологиялық ұйымдар қауымдастығының» басқарма төрағасы; Тоқтар Болысов – кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстан жастары конгресінің» атқарушы директоры; Азамат Данияр – кеңес хатшысы, «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі; Нұртөре Жүсіп – Сенат депутаты; Елдос Абаканов – Мәжіліс депутаты; Айжан Скакова – Мәжіліс депутаты; Тілектес Адамбеков – Мәжіліс депутаты; Мади Ахметов – Мәжіліс депутаты; Майя Бекбаева – журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары; Эмин Аскеров – кәсіпкер, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің кеңесішісі; Тимур Елеусізов – «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары және блогер, Jaqsy Bolady YouTube каналының авторы Болат Бұқарбай бар.