«Ақшасы болмаған...» – Ақтау әуежайындағы оқиғаның мән-жайы анықталды

«Ақшасы болмаған...» – Ақтау әуежайындағы оқиғаның мән-жайы анықталды

Әлеуметтік желіде жолаушылар осы оқиғаға қатысты бірнеше видео жариялаған болатын.

Бүгін Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Биыл 5 сәуірде сағат 21.00-де Ақтау әуежайындағы патрульдік-бақылау бекетінің полиция қызметкері аумақты аралап жүргенде әуежай территориясындағы қоқыс контейнерінің жанында қараусыз жатқан сөмкені көреді. Хабарламадан кейін Желілік полиция бөлімінің жеке құрамы әуежайдың іргелес аумағын қоршауға алды. Жедел әрекет ету қызметтері хабардар етілді» делінген ресми хабарламада.

Әуежай ғимаратынан 350-400 адам эвакуацияланды. Саперлер сөмкені тексеріп, қауіпті зат таппады. Полиция сөмкенің иесі Ақтау-Шымкент әуе рейсінің 21 жастағы жолаушысы екенін анықтады.

«Ол рейске тіркеуден өткеннен кейін жүгінің жолаушылар сөмкесі салмағының шегінен асып кеткенін айтты. Ал артық жүкке төлеуге оның ақшасы болмаған. Сондықтан ол терминал басында жұмысқа киетін киімдерін рюкзаққа салып, қоқыс контейнеріне тастаған», – дейді полицейлер.

Бұған дейін Ақтау әуежайындағы оқиға жайында жазған болатынбыз.