COVID-19: шетелден 29 жолаушы анықтамасыз келді
COVID-19: шетелден 29 жолаушы анықтамасыз келді
119
оқылды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Шетелден келген 2 915 жолаушының 2 886-сында анықтама бар, 29-ында жоқ. Оның ішінде, Алматыға – 9 рейс, 1 324 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 6 рейс, 816 жолаушы, Шымкентке – 3 рейс, 345 жолаушы, Ақтауға – 1 рейс, 144 жолаушы, Атырауға – 1 рейс, 150 жолаушы, Қарағандыға – 1 рейс, 134 жолаушы, Өскеменге 1 рейс, 2 жолаушы келген. Анықтамасыз келгендер COVID-19-ға ПТР тест тапсырды.

Бүгін Үкімет отырысында Асқар Мамин қыркүйек айына дейін 10 миллион адамға вакцина салынатыны туралы айтты.