Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені жымқырып әкеткен

Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені жымқырып әкеткен

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының полицейлері жұмыс орнынан ақша ұрлаған ұрыны ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға 10 ақпанда болған. Жезқазған қаласындағы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірін тонап кеткені туралы хабарлама түскен.

25 жастағы кассир 29 миллион теңгені жымқырып әкеткен. Сөйтіп, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырып кеткен екен. Іздестіру барысында күдіктіні бір жарым айдан кейін ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Сонымен қатар ақшаның бәрін қажеттілігіне жұмсап жібергенін айтқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлімі (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.