Жамбылда үш айда 37 адам жоғалып кеткен
Жамбылда үш айда 37 адам жоғалып кеткен
5,113
оқылды

Жамбыл облысында жылдың басынан бері 37 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Алайда облыстық Полиция департаменті барлық азаматтың орналасқан жерін анықтаған.

     Өткен жексенбінің өзінде үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткен 4 адам табылып, отбасына жеткізілген. Жоғалғандардың  жасы 17 мен  65 жас аралығында. Олардың үйден кетуіне көп жағдайда  отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық қиындықтар себеп болған. Мәселен Тараз қаласының  56 жастағы тұрғыны  тұрақты  табыс таппағандықтан   әйелімен жанжалдасып,  үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бірнеше күн іздеуден кейін ол таныстарының  үйінде болыпты. Ер адаммен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, бұлай жасауға болмайтындығы түсіндірілген.

Осы ретте еске сала кетсек, он күн бұрын үйден шығып кеткен 15 және 17 жасар  жасөспірімдер әлі күнге табылмай жатыр. Алдын ала болжам бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балалар ғашықтар көрінеді. Одан бөлек 11 ақпан күні Шу ауданынан жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайдан да еш хабар жоқ. Десе де құзырлы органдар іздеуді тоқтатпауда.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы