Көкшетауда қақпаның істік темірі баланың алақанын тесіп шықты

Көкшетауда қақпаның істік темірі баланың алақанын тесіп шықты

Көкшетауда темір қақпадан асып өтпек болған 10 жасар баланың алақанынан істік темір кіріп, екінші жағынан бір-ақ шыққан. Ойнап жүріп аңдамай от басқан баланы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары құтқарып алды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Темір қақпаның сыртына орнатылған жүзі өткір темірді алақаннан алып шығу қауіпті болған. Құтқарушылар қақпаның жоғары тұсындағы темір істікті кесіп шығаруға шешім қабылдапты. «112 арнайы пульт нөміріне баланың оқыс жағдайға тап болғаны жайлы телефон хабарламасы түсті. Дереу оқиға орнына барып баланың оң жақ алақанына темір шарбақтың істік темірі кіріп кеткенін анықтадық. Қақпаның баланың алақаны тұсындағы бөлігін кесіп алуға шешім қабылданды. Қолын қатты жарақаттаған бала жыламай бізге барынша көмегін көрсетті. Жедел жәрдемге жеткізіп, одан кейін баланың жағдайын біліп телефон шалдық. Абырой болғанда бәрлығы сәтті өтіпті», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімінің бастығы Рүстем Мужупов. https://youtu.be/tgcHnuNtHwY Қазір баланың ахуалы жақсы. Ауруханадан шығып, үйіне жетіпті.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы