Рамазан айында Меккеге баруға рұқсат берілді
Рамазан айында Меккеге баруға рұқсат берілді

Рамазан айында мұсылмандарға Сауд Арабиясындағы Меккеге барып, қажылық парызын орындауға мүмкіндік бар. Ол үшін министрліктің қойған үш шарттың біреуін орындау керек. Сонда кіші қажылыққа баруға болады.

"Рамазан айында Мекке мен Мединадағы екі қасиетті мешітке умра жасауға және баруға рұқсат. Коронавирус вакцинаның екі дозасын алған адамдарға, қажылықтан екі апта бұрын алғашқы дозада егілген адамдарға немесе ауруға шалдыққандарға беріледі", - деді Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігінің өкілі. 

Араб елдерінде ораза айы 13 сәуірде басталады деп күтілуде. Бұл уақытты олар ораза ұстауға және дұға етуге арнауы керек. Сондықтан көпшілігі рамазан айында кіші қажылыққа - умраға барады.