Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы байқаудың гранд-финалына шықты
Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы байқаудың гранд-финалына шықты
210
оқылды

Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының гранд-финалына шықты.

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз деген домбырашылар Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, сондай-ақ қазіргі заман композиторлары туындысынан попурри орындады. Әлемдегі жағдайға және шекараның жабылуына байланысты барлық үміткер қашықтан студияда дыбыс жазды. Онлайн қазылар алқасы гранд-финалға қатысушыларды іріктеп алды.

Айта кетейік, Golden Time Talent ұйымдастырушылары АҚШ-тағы халықаралық байқауда алтын медаль жеңіп алған қазақстандықтардың талантын байқап, финалға қатысуға шақырған.  Енді қос музыкант 23-27 мамыр аралығында Лос-Анджелесте өтетін гранд-финалға қатысады.