Алматыда 100 адамға арналған екі той тоқтатылды
Алматыда 100 адамға арналған екі той тоқтатылды
89
оқылды
Алматыда мониторинг тобы жүз адам жиналған екі үйлену тойын тоқтатты. Алматы қаласындағы мониторинг тобы мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қарқынды жұмыс істеуде. Өткен тәулікте мониторинг тобы белгіленген шектеулерді бұзған 13 нысанды анықтады. Оның 9-ы мейрамхана, дәмхана мен дүкен және төртеуі - компьютерлік клуб. Аудандық полиция басқармасына барлығы 25 адам жеткізілген. Анықталған бұзушылықтар арасында:
  • Әуезов ауданында «Шашлычная на Яссауи» дәмханасы жұмыс істеген, онда шамамен 40-қа жуық келуші болған.
  •  Бостандық ауданында «G-Play» компьютерлік клубы қызмет еткен, онда 50-ге жуық адам болған.
  •  Медеу ауданында «Айлин» банкет залы қызмет еткен, онда 40-қа жуық адам болған.
  •  Медеу ауданында «Ритм» банкет залы қызмет еткен, онда шамамен 50-ге жуық адам болған.
 
«Кеше 2 үйлену тойы тоқтатылды. Мейрамханаларда адамдардың жаппай жиналғаны анықталды. 100-ге жуық қонақ болған, оның ішінде жұқтыру қаупі әлдеқайда жоғары топтағы егде жастағы адамдар да, балалар да бар. Қала тұрғындарын өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», – деді Медеу ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг тобының мүшесі Қайрат Нұрқасымов.