Ұлттық компания басшылары жазаланады
Ұлттық компания басшылары жазаланады
108
оқылды

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларына бұрын ақша жымқырып, жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін айыппұл салынады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

– Мемлекеттік орган немесе ұлттық компания басшысы бұ­рын сыбайлас жемқорлық жа­саған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде (2021 жылы 291 700 теңге) айыппұл төлейді. Ол  Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 681-бабында көрсетілген. Сыбайлас жемқорлық жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да, тіпті қатардағы лауазымда да жұмыс істей алмайды, – деді Бектенов. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бірінші орынбасарының айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға тыйым салу туралы талап бұрын тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың басқарушы лауазымдарына қатысты болған. – Енді жыл басында Еңбек кодексіне енгізілген түзетулермен сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кез келген квазимемлекеттік сектор лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды, – деп түсіндірді ол.

Мадияр ТӨЛЕУ