7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
110
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Қар аралас жаңбыр жауады. Тек оңтүстік, оңтүстік-батыс пен орталықта күн райы ашық. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, күндіз Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, түнде Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.