Вакцина оразаны бұза ма?
Вакцина оразаны бұза ма?
142
оқылды

Мүфтияттың хабарлауынша, адам ағзасына ауыз, мұрын, ішек арқылы табиғи жолмен түскен нәрсе ғана оразаны бұзады. Ал вакцина бұлшық етке салынатындықтан екіұдай күйге түсудің қажеті жоқ. Бұл туралы КТК хабарлады.

Дегенмен қазір ислам ғалымдары екпенің өзін екіге бөледі – қуат беретін және қуат бермейтін. Вакцина екінші санатына жатады. Сондықтан Діни басқарма Рамазан айында екпе қабылдауға еш кедергі жоқ екенін алға тартады.

ҚМДБ Алматы қаласы бойынша пәтуа бөлімінің қызметкері Қайрат Дабылов: «Қуат бермейтін емге жасалған қазіргі екпеміз бар, сол секілді басқа да нәрселер салатын болса, ол оразаны бұзбайды. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының арнайы пәтуасы шықты. Екпе бұл қуат беретін нәрсе емес», – дейді.

Біз бұған дейін биылғы Ораза кестесін жариялаған болатынбыз.