Жемқорлық үшін сотталғандарды жұмысқа алғандар да жазаланатын болды
Жемқорлық үшін сотталғандарды жұмысқа алғандар да жазаланатын болды

Айыппұл көлемі 300 мың теңгеге дейін болады. Бұл мемлекеттік орган немесе ұлттық компанияларға қатысты, – деп жазады zakon.kz.

Менеджер айыппұлды өз қалтасынан төлейді.

«Бұған дейін жемқорларды тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы жетекші лауазымдарға жұмысқа алуға қатаң тыйым салу туралы талап болған. Биылдан бастап Еңбек кодексіне енген түзетулер бойынша сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды квазимемлекеттік сектордағы кез келген лауазымға қабылдауға түбегейлі тыйым салынды»,  – деді Олжас Бектенов.

Бұрынғы жемқор енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да жұмыс істей алмайды. Ал оны жұмысқа қабылдаған менеджерлер Әкімшілік кодекстің 681-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.