Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Жекеменшік ЖОО-ның құқығын кім қорғайды?

«Айқын» ақпарат
Сәуір 7, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
ЖОО

© qazaqstan.tv

2020-2021 оқу жылының басында М.Тынышбаев атындағы академия мен Халықтар достығы университетінің бас лицензиясынан айырылғаны туралы ақпарат тарады. Биыл Қазақ медициналық  үздіксіз білім беру университетінің жабылатыны сөз болды. Бірақ Ә.Қуатбеков атындағы университеттің бас лицензиясын қайтарып алғанын көпшілік білмейді. Неліктен Білім және ғылым министрлігі тартып алғаны туралы ақпарат таратады да, қайтарып алғаны жайында ләм-мим демейді. Әлде Үкіметтің алдында  қате жібермейтіндей көрінгісі келе ме?

Үздіксіз тексерудің мақсаты не?

Иә, ел ішінде жаман хабардың желдей есе­тіні бар. Шымкентегі Ә.Қуатбеков атындағы университет те «беделімізге нұқсан келтіргені үшін сотқа беруімізге болар еді. Бірақ ондай қадамға бармадық» деп отыр. Яғни, министрлік универ­ситеттердің бас лицензияны қайтарып алу туралы сотқа қайта шағымданатынын  біле тұра ақпарат таратқан. Ал процесс қалалық, облыстық сотта қаралып, ол жақтың күші жетпесе іс Жоғарғы сотқа жіберіледі. Мәселен, министрлік 10 шақты универ­ситеттің бас лицензиясын тартып алдық деп ақпарат таратса, артынша соның бес-алтауы лицензияны қайтарып алады екен. Алайда қайтарғаны туралы, дәлірек айтсақ, министрлік өкілдерінің екінші кездесуде қарсы тарапқа жеңілгені жайында ақпарат шық­­пайды. Өйткені министрліктің әлеу­мет­тік желілердегі парақшаларын жіті қадағалап отыратынымыз тағы бар.

Мәселенің анық-қанығын білмекке М.Тынышбаев атындағы академияға қо­ңырау шалдық. Қазір академия соттасып жатқанға ұқсайды. Процестің аяқ алысын сұрағанымызда, нақты жауапты хат ретінде жолдайтындарын айтты. Ал Қазақ меди­цина­лық үздіксіз білім беру университеті мән-жайды айтудан бас тартты. Бір қызығы, университеттің соттасып жатқаны не болмаса жабылатыны жайлы мәлімдеме жасамағаны таңдандырды. Тілшілерді бы­лай қойғанда, оқу орны студенттердің са­уа­лына жауап бермейді-мыс. Аталған университетте білім алатын Ә. есімді қыз­ды әңгімеге тартқанымызда, не факультет деканының орынбасарынан, не прорек­тордан жауап ала алмағанын атап өтті. Студентті ертеңгі тағдыры алаңдатады. Оқу жылы болса аяқталып жатыр. Ал студент­тер­дің келесі жылы қай оқу орнында оқитыны белгісіз.

Кәрімбек Арыстанбекұлы: Тексеру комиссиясының өзін тексеру керек

«Қоғам жерді жекеменшікке беруге дайын емес» – саясаттанушы Расул Жұмалы

Шетелдерде университеттің 2 филиалын ашамыз – Ерлан Сыдықов

Осылайша, өткен жылы бас лицензия­сынан айырылды деген Ә.Қуатбеков атындағы университеттің ректорына қо­ңырау шалдық. Әңгіме барысында ректор Білім және ғылым министрлігіне өкпесі қара қазандай екенін жеткізді. Өйткені Халықтар достығы университеті министр­лікке қарсы сотта жеңіске жеткеннен кейін де, комитет тексеруін қоймаған. Арада 4 ай өткесін тексеруді қайта бастапты.

«Министрлік, еліміздегі жетекші басы­лымдар бас лицензиядан айырғаны туралы ақпарат таратты да, қайтарып алғанымызды жазған жоқ. Хош, министрлік Шымкент аймақтық инновациялық университетінің 6 мың студентін қабылдау туралы ұсыныс білдіргенде келістім. Олар өңірде шу шы­ғып, студенттер мен ата-аналар наразылық білдірмеуін сұрады. Аталған студенттердің құжатын қабылдағаныма 1 ай болғанда бізге тексеру жіберді. Бұл қалай сонда? Өткен жылдың 19 қарашасында мамандан­дырылған әкімшілік  сот арқылы бас лицензиямызды қайтарып алдық. Нұр-Сұлтан қаласында да сот өтті. Екі жақтың шешімімен жеңіске жеттік. Арада 4 ай өтер-өтпестен қайта тексеру жібермек. 29 наурызда тексеру келетіні жайлы ескерту жіберді. Бірақ университет карантинге жабылғандықтан, келе алмады. 8 сәуір жұмысты қайта бастаймыз. Мұны ести са­лы­сымен комитеттің келетіні сөзсіз. Пан­демия өршіп тұрған шақта да, тексеру тоқтаған емес. «Бюрократия, қағазбас­ты­лыққа жол жоқ» дейді де, іс жүзінде басқа­ша сөйлейді. 27 наурыз күні министрге де, бас прокуратураға да хат жолдадым. Жауап жоқ. 2020 жылы 3 үлкен комиссия келді, тексеруінен өтіп,  әкімшілік айыппұлды төлесек, неліктен 4 айдан соң қайта түрткілейді? Университеттің профессорлық құрамы тексерістен шаршады. Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік бермей жатыр», – дейді ректор Рабиға Қуатбекқызы.

Бас лицензиядан айыру орынсыз

Жоғары білім жөніндегі сарапшы, академик Кәрімбек Арыстанбекұлы министрліктің 2-3 университетті жабамын деп соңы дау-дамайға ұласып жатқанына сын көзбен қарайды. Кезінде 35 жоғары оқу орны мен 82 филиалды ың-шыңсыз жапқан ол жауапты органның тетікті таппай жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, жоғары оқу орнын іріктерде аккредиттеуге, рейтинг пен жұмыс берушілердің талабына құлақ асқан дұрыс.

«Жоғары оқу орнын бас лицензиясынан айыру орынсыз. Сай келмеген мамандық­тар бойынша лицензияны алу керек. Қазір университеттер кемінде 20-30 мамандық­тан дайындайды. Соның бес-алтауы талап­қа сай емес деп, қалған 20 мамандықты «құрбандыққа шалуға» болмайды. Жоғары оқу орындағы бәсеке мамандық турасында болғаны жөн. Профильді университеттерді жасақтау керек. Мәселен, 90 жылдық тарихы бар теміржол академиясын жауып тастады. Бұдан не ұтты? Одан да академияда ғана оқытатын мамандықтарды жетілдіріп, теміржол мамандарын даярлайтын инсти­тут ретінде қайта құру қажет. Екіншіден, мамандандырылған университеттерді жинақтау керек. Бүгінде педагогика ма­ман­дығын оқытатын 87 оқу орны бар екен. Бұл не деген батпанқұйрық? Біз маман даярлауды ұмыттық. Қазір диплом алуға құштарлық басым. «Жоғары білім алсам, дипломым болса» дейтін ой бәріміздің түбімізге жетеді. Сол үшін белгілі бір мамандықты бітіргенде дипломмен қатар біліктілік сертификаты берілсе деймін. Мұндай тәжірибе бірқатар елде бар. Айта кетерлігі, әлем елдерінде университеттерді тексеру деген жоқ. Керісінше, аккредиттеу деген бар. Ал бізде барған жерін қырып-жою, әшкере етуге басымдық беріледі. Олқылықтың орнын толтыруға көмек бе­ріп, мониторинг жүргізбейді. Университетті жапқаннан сапа көтерілмейді», – дейді жоғары білім сарапшысы Кәрімбек Арыс­танбекұлы.

Біз де министрліктен нақты қанша уни­верситеттің бас лицензиясын қайтарып алғаны туралы ақпарат сұрадық. Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтама­сыз ету комитетінің төрайымымен сөйлес­кенімізде, «мақаланы бір күн шегере тұр­саңыз, ақпарат береміз» деп сендірді. Алайда арада күн өтсе де, жауап жоқ. Осыдан кейін жоғарыдағы сарапшының сөзімен келіспеске шарамыз қалмады. Расымен, жауапты орган ақпарат беруден жалтара ма? Әлде соттан жеңілгені туралы айту жанды жеріне тие ме? Сіз бен біздің елдегі қанша университеттің жабылғаны немесе қайта жұмысы жанданғаны туралы білуге құқымыз бар емес пе? Сайып келгенде, министрдің брифинг сайын «ашықтыққа жақынмын» дейтіні тағы бар.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

 
ID: 3
Тегтер: Ә.Қуатбеков атындағы университетжекеменшікЖООқұқығылицензия
Алдыңғы жаңалық

Жаңа қаулы: 9 сәуірден бастап түнде көшеде жүруге тыйым салынбақ

Келесі жаңалық

COVID-19: Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан
Жаңалықтар

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Сәуір 22, 2021
Шымкент
Жаңалықтар

Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айппұл төлеуі мүмкін

Сәуір 21, 2021
Суперлига
Жаңалықтар

Суперлига турнирі құрыла ма?

Сәуір 21, 2021
Қарағанды
Жаңалықтар

Қарағандыда әкімдік терезесінен ер адам құлап кетіп, көз жұмды

Сәуір 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Сәуір 22, 00:06

Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айппұл төлеуі мүмкін

Сәуір 21, 23:35

Суперлига турнирі құрыла ма?

Сәуір 21, 22:46

Қарағандыда әкімдік терезесінен ер адам құлап кетіп, көз жұмды

Сәуір 21, 22:20

Шымкентте жол жиегіндегі арықтан әйелдің денесі табылды

Сәуір 21, 21:41

Елімізде жаңа байланыс операторы пайда болады

Сәуір 21, 21:17

«Әрең демалады»: Нұр-Сұлтан дәрігерлері коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты

Сәуір 21, 20:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қазақстан

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Сәуір 22, 2021
Шымкент

Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айппұл төлеуі мүмкін

Сәуір 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»