Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Таңдаулы өнімдермен экспорттағы орнын нығайтқан зауыт

«Айқын» ақпарат
Сәуір 7, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
экспорт

Алматы облысындағы өндірісі экспортқа негізделген және отандық астықты тереңдете өңдеуге бейімделген аса ірі кәсіпорындардың бірі әрі бірегейі – осыдан екі жыл бұрын «Қазақстанда жасалған: Индус­трия­ландырудың екінші бесжылдығы» атты  жалпыұлттық телекөпірі кезінде ашылған «Маревен Фуд Тянь Шань» ЖШС бүгінде нарықта, оның ішінде экспортта өз орнын тауып, алғашқы белестерін бағындыра бастады. Алға жылжыған жылдармен бірге өндіріс ауқымын да арттыруда.

Қазақстандық астықты тереңдете өңдеп, кеспелердің көптеген түрін шығаратын, қазір қарқынды жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жанында элеватор, ұн тартатын комбинат, сусындар құятын цех, қосалқы қоймалар салынып жатыр. Трансұлттық компанияның өндірістік алаңы Қапшағай қаласының маңында, Алматы – Талдықорған автожолының бойында орналасқан. Теміржол да дәл қасынан өтеді.

Алматы облысы өз тарапынан те­мір­жол желілерінің зауытқа дейін тартылуын қамтамасыз етіп, бірқатар жеңілдік қа­рас­тырып, сыртқы инженерлік желілерді төсеуге көмектесіпті. Қазір де қажетті жағдайды мүмкіндігінше жасап отырған көрінеді. Компанияның өндіріс ау­қы­мын одан ары кеңейтуге, өнім түрлерін барынша арттыруға бағытталған әр қадамы құпталып, тиісті қолдау көрсе­тіліп келеді. Сапалы әрі сұранысқа ие өнімдерімен қуантып отырған серік­тес­тік алдағы уақытта жаңа жұмыс орын­дарының ашылуына да оң ықпал ете бермек.

экспорт

192 жоба мақұлданды

Облыс оқушылары қашықтан оқиды

Алматы облысында әйелдің суреті салынған кішкентай табыт табылды

«Маревен Фуд Тянь Шань» өндіріске бүгінге дейін 55 млн доллар инвестиция салып, 610 жұмыс орнын ашыпты. Қа­зіргі кезде мұнда өнімнің 65 түрі өн­діріледі және негізінен алыс-жақын шетелдерге жөнелтіледі.  «Роллтон»,  Big Bon және «Петра» сынды әлем мо­йын­даған брендтер аясында дәстүрлі кеспе өнімдері мен сорпалар шығаратын зауыт қысқа мерзім ішінде толайым табыстарға қол жеткізген.

Серіктестік директоры Бернарда Ва­вр­жинаның айтуынша, олардың жетіс­тіктерге жетуіне мемлекет тарапынан жасалып отырған жан-жақты қолдау көп көмектескен. Өндірістік желілерді кеңейту арқасында жылына 40 мың тоннадан астам дайын өнім өндірілсе, алдағы кезде өндірістің қуаттылығын 85 мың тоннаға жеткізу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы шы­ғарыл­ған өнімнің 80 пайызы экспортқа жөнелтіледі деп жоспарланған. Қазір зауыттың өнімдері Орталық Азия ел­дерінде кеңінен таралып қана қоймай, Ауғанстанға да шығарылады. Ал Қытайға алғашқы керуендер жөнелтіле бастапты.

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

 
ID: 0
Тегтер: Алматы – Талдықорған автожолыАлматы облысыастықзауытөнімэкспорт
Алдыңғы жаңалық

Мәжіліс жерді шетелдіктерге беруге тыйым салатын заңды мақұлдады

Келесі жаңалық

Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге тыйым салынады – Мәжіліс төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

кинотеатр
Жаңалықтар

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
жұмыртқа
Жаңалықтар

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 2021
коронавирус
COVID-19

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 2021
коронавирус, ПТР
COVID-19

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Сәуір 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 10:39

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 10:12

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 09:52

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Сәуір 18, 09:27

Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып кеткен

Сәуір 18, 00:24

Қарағандыда 274 киік мүйізі мен қаруы бар үш адам ұсталды

Сәуір 17, 23:28

Елордада Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы жүріп жатыр

Сәуір 17, 22:39
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

кинотеатр

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
жұмыртқа

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»