Енді өзгерген қаулыға сәйкес, 9 сәуірден бастап тұрғындардың жүріп-тұруына 00.00-ден 06.00-ге дейін шектеу енгізілген.
Қаулыда бұл тыйымның дәрігерлер мен құтқарушылар, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысы жоқ.Шұғыл медициналық мекеме, дәріханаға жеке автокөлікпен баратындар, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер 109 телефонына хабарласуы немесе сайтта тіркелуі қажет.«Бұған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару қызметтердің қызметкерлері, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлер жатпайды» делінген қаулыда.
Соңғы бір тәулікте Батыс Қазақстан облысында 98 адамнан коронавирус анықталды.