Кенесарының бассүйегі табылды ма?
Кенесарының бассүйегі табылды ма?

Кенесары ханның бассүйегі Қазақстанға қайтарылмақ. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов мәлімдеді, – деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Бұл жайтқа қатысты Зиябек Қабылдиновке хабарластық. Тарихшы Кенесары ханның бассүйегі Қазақстанға әкелінген соң ғана бассүйекке қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі айтып беретінін жеткізді.