Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы қамауға алынды

Коронавирустан қорғанысқа жасанды желдету аппаратымен шығардық деп желпініп жүргенде Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Сүлен Ілиясов қамауға алынды.

"Айқын" ақпарат
Сәуір 7, 2021
Жаңалықтар, Әлеумет, Денсаулық
Сүлен Ілиясов, Ақмола, жемқорлық

Фото: kokshetau.asia

Ол мемлекеттік ауруханаларға жетіспей жатқан өкпені жасанды желдету аппараттарын (ИВЛ) жекеменшік медициналық ұйымдарға тапсырған деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Көкшетау қалалық тергеу сотының мәліметінше, олар Сүлен Ілиясовты осыдан екі ай бұрын қамау туралы қаулы шығарған. Бірақ бұрынғы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы соттың бұл шешімімен келіспей отыр. Ол сот шешіміне келіспей Ақмола облыстық сотына шағымданып, аппеляцияға берген. Енді істі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тергеуге алған. Ілиясовты қамауға алу туралы өздерінің қолдаухатында олар экс-басқарма басшысының бостандықта болса, объективті тергеуге кедергі келтіретінін немесе жасырынып қалуы мүмкін екенін алға тартқан.

Сонымен Сүлен Ілиясов оған аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, қолданды деген күдікпен ұсталды. Бұл қылмыс үшін басқарманың экс-басшысы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әлі расталмаған мәліметтер бойынша, Сүлен Ілиясов мемлекеттік ауруханаларда жетіспеген өкпені жасанды желдету аппараттарын жекеменшік медициналық ұйымдарға таратты деген күдік бар.

Сондай-ақ, ол бюджеттік қаражатына салынған клиниканы коммерциялық құрылымдарға тапсырды деген де күдікке ілінген.

Әзірге Ілиясовтың осыдан екі ай бұрын лауазымынан босатылғаны белгілі. Ол бұл қызметке өткен жылдың ақпанында тағайындалған. Оның басқаруы кезінде елімізде індет жайлап, коронавирус кеңінен тарала бастады. Ал бюджеттен пандемиямен күрес үшін аса ірі сомада қаражат бөлінген.

Ақмола облысында бір күнде 2 адам өрттен көз жұмды

Делегаттар сайланды

Агенттік жұмыстағы қателікті қасақана жасалған қылмыстан ажырата білуі тиіс – Президент

Еске сала кетсек, Сүлен Ілиясов 1966 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Дәрігерлік іс» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау қалалық ауруханасында дәрігер-уролог болып бастаған. Басқарма басшысы болғанға дейін Көкшетау қаласының №1 ауруханасын тоғыз жыл бойы басқарған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы

 
ID: 0
Тегтер: АқмолажемқорлықСүлен Ілиясов
Алдыңғы жаңалық

Бас бапкер Байсуфиновтың бабы қандай?

Келесі жаңалық

Мәжіліс депутаттары алматылықтардың айтарын тыңдады

Ұқсас жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиев
Жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
Сауран
Жаңалықтар

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 2021
вакцина
Жаңалықтар

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 2021
Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді
Жаңалықтар

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 16:42

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 16:39

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 16:23

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 16:00

Қазақстанда 18 балалар үйі қалды: бір балаға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Сәуір 22, 15:53

Алматыда танымал топтың әншілері қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 22, 15:20

Covid-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін бала көтеруге бола ма?

Сәуір 22, 15:02
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
Сауран

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»