Бас санитардың жаңа қаулысы: Шымкентте карантин талабы күшейтілді
Бас санитардың жаңа қаулысы: Шымкентте карантин талабы күшейтілді
186
оқылды

Жаңа қаулыға сәйкес, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ы қашықтан жұмыс істейді.

Жалпы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және ғимараттарда орналасқан объектілердің жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейінгі уақытқа шектелген. Қоғамдық тамақтану орындарында қорқорды пайдалануға тыйым салынады. Жеткізу және шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану нысандары қалыпты жұмыс істей бермек. Мектеп асханалары, банкет залдары, қоғамдық тамақтану орындарында түрлі іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр сақталуымен) жұмыс уақытын 09:00-ден 22:00-ге дейін шектеумен қызмет көрсетеді. Жексенбі күні СПА орталықтарының жұмысына тыйым салынған. Қоғамдық моншалар мен сауналар жұмыс күндері сыйымдылығы 50%-дан аспайтын тәртіппен қызмет көрсетсе, жексенбі күні сауналардың жұмысы тоқтатылатын болды. Балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), цирктердің жұмысына тыйым салынған. Мәдениет нысандары, театр, концерттік зал, цирк (сыйымдылығы 20% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz» порталда тіркелуімен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда), кітапхана, мұражайдың жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылады. Діни нысандар (мешіттер, шіркеулер және т.б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде жұмыс істейді. Көңіл көтеру мекемелері (бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және тағы басқалар), букмекерлік конторлар және ойын клубтары, оның ішінде, онлайн режимінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лоторея ұтыс ойынын жүргізуге тыйым салынған. Кинотеатрлардың жұмысы (сыйымдылығы 20%-дан аспайтын, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелуін, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтық сақтаумен, шахматтық ретпен отыруын және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін уақытпен жұмысы шектелген. Контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді. «Жалпы білім беретін мектептерде 1-5-сыныптарда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныптарды қоса алғанда оқушы санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытады. 9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан (сыныпта 25 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1-сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді және бетперде режимді күшейту сақталсын) талап етіледі. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылар жеке оқытылады» делінген қаулыда.

Коронавирус өршіген Батыс Қазақстанда 9 сәуірден бастап түнде жүруге шектеу енгізіледі.