«Қазгидромет» Гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы сәуір айындағы ауа райының болжамдарын мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» өкілі сәуірдің ортасынан бастап күн бірде күрт жылынып, бірде күрт суытатынын айтты.
«Алдағы аптаның синоптикалық болжамдарына келетін болсақ, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа райының күндізгі тепературасы +15, +20 градусқа, кейбір жерлерде +23 градусқа дейін көтеріліп, түнде +3, +5 градус жылы болады деген болжам бар. Аталған жәйт қардың еру процесін одан әрі күшейтіп, мұз құрсауларын қозғалтып, су деңгейін көтеруі мүмкін», - дейді синоптик.Бұл жылымық сәуір айының қалған күндерінде де жалғасқанымен, арасында күннің күрт суытуы да мүмкін.
«Сәуір айының ІІ және ІІІ тоқсанында аталған аймақтарда ауа температурасы жоғарылап, күндіз +5, +10 градус аралығында, түнде +10 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отырмыз. Бірақ сәуірдің ауа райы құбылмалы болғандықтан, кейбір күндері күрт суытуын күтіп отырмыз. Атап айтсақ, күндізгі температура +3, +8 гардусқа дейін түссе, түнде 0, -9 градус шамасында болжанады», - деді Дидар Жәнібекұлы.Ол, сондай-ақ, күннің бұлайша құбылуы тасқын қаупін жиілететінін ескертті.
«Қайталап айтқым келеді. Еліміздің басым аймақтарында қардың еруінен су басу қауіптері орын алып жатыр. Алдағы тәуліктерде ауа райының күрт жылынып, жауын-шашынның көбеюінен еліміздің басым аймағында су деңгейі көтеріледі деп болжап отырмыз», - деді маман.Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazgidromet-aldagy-aptada-kun-kurt-zhylynady_a3773309