Алматының санитарлық дәрігерлері Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиевке қатысты тексеру жүргізіп жатыр

Алматының санитарлық дәрігерлері Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиевке қатысты тексеру жүргізіп жатыр

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әншілер қатысқан тойдың видеосы пайда болды.  Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топ тексеріп жатыр.   Видеода бұл үйлену тойы екені анық көрінеді.  Тойға келгендер арасында Роза Рымбаева, "МұзАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев және КешYOU тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова бар. Той үстінде  Сәкен Майғазиев жас жұбайларға тілек арнап, коронавирусқа да қатысты бірер сөз айтқан.

"Осы қорқынышты эпидемия аяқталсын. Сәуірден бастап бәрі жақсы болады", - дейді әнші.
Ведомстводан хабарлағандай, қазір Алматының Алмалы ауданының мониторингтік тобы осы фактіні тексеріп жатыр.