Мәслихат депутаттары өз қаражаттарынан шаруаларға шөп алып берді
Мәслихат депутаттары өз қаражаттарынан шаруаларға шөп алып берді
152
оқылды
Биылғы наурыз айының орта тұсында ауа райының тосын мінез танытуы ауылдағы ағайынға оңай соқпады. «Көктем келіп, көкке іліндік» деп отырған көпшілік бірер күн қатарынан жауған қардан кейін абдырап қалды.     Осы орайда, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған Әлімбек Жұмабаев пен Ғалымжан Сағынтаев ауылдағы ағайынның жайын ойлап, азаматтық танытты. Шаруаларға көмек қолын созуды қолға алды. Нәтижесінде, облыстық мәслихат депутаттары өз қаражаттарынан Талас ауданындағы Үшарал, Көшек батыр, Бөлтірік шешен және Ойық ауылдарына 1500 түк шөп жеткізіп берді. Партияның аумақтық филиалы басшыларының жетекшілік етуімен шаруа қожалықтарындағы малдың санына қарай ауылға жеткізілген шөп қоры  бөліп берілді. Ауыл халқы бұл көмекке ризашылық білдіріп, алғыс айтты.