«Nur Otan» партиясы сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың мәселесін шешті
«Nur Otan» партиясы сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың мәселесін шешті
124
оқылды
Түркістан облысы Келес ауданы Жолбасшы елдімекенінде 2020 жылы пайдалануға берілген ауыз су жүйесі сапасыз салынғандықтан, тұрғындар аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Д.Әбдиевке және «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалына бірнеше рет шағымданған болатын. Сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың мәселесі жақында шешімін табады. Осы мәселені түпкілікті шешу мақсатында партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі А.Жұмабеков пен фракция мүшесі Д.Әбдиев аталған нысанға барып, бақылау жүргізді. Сонымен бірге партияның аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы мен «Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері де ауыл тұрғындарының шағымы бойынша нысан басына келді. Ауызсу нысаны басында өткен жиынға ауданның тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Шірінбеков, нысанның жобалаушы мекеме өкілі, мердігер компания басшысы мен өкілдері, ауыл биі мен тұрғындары қатысты. Бақылау нәтижесінде біратар кемшілік анықталды. Атап айтсақ, ұңғыманың 2 сусорғыш қондырғысы мен суды тазалайтын сүзгіні ауыстыру, су жинау қоймасынан судың кетуін тоқтату, құдықтардың қақпағын шойын қақпаққа ауыстыру қажет екені айқындалды. Сонымен бірге электр жарығы қарызы бойынша да мәселе бар. Бұл түйткілдің бәрін мердігер компания өз қаражаты есебінен шешіп, кемшіліктерді 2 апта ішінде түзеп беретін болды. Фракция жетекшісі А.Жұмабеков құдықтардың қақпағын мердігер компания қайта-қайта ауыстыра алмайтынын, ауыл тұрғындары құдықтардың тазалығын сақтап, қақпағын бүлдірмей ұстау қажет екендігін түсіндірді. Ауыл тұрғындары өтінішке құлақ асып, қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғыстарын білдірді.