Қарағандыда екі құрылыс бригадасы бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған
Қарағандыда екі құрылыс бригадасы бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған
167
оқылды
Қарағандыда екі құрылыс бригадасы бір-біріне жаппай кірпіш лақтырған, деп хабарлады Tengrinews.kz. Полиция департаментінің хабарлауынша, екі бригада арасында өзара түсініспеушілік болып, салдарынан бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтыра бастаған. Бірнеше жұмысшы жарақат алған.
«Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкерлері Қарағандыдағы құрылыс алаңдарының бірінде бұзақылық фактісін анықтады. Құрылысшылардан құралған екі бригада, шамамен 20-25 адам, бейәдеп сөздерді пайдаланып, бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған. Барлық қатысушылар оқиға кезінде ұсталды», – деп атап өтті Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=y_QDl1IGgok&t=12s Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.