Бүгінгі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тұр.Бүгін Қазақстанда бір күнде 2500-ден астам адамнан коронавирус анықталып, 5 адам пневмониядан қайтыс болды.