Астананы су басса, қаладағы аудан әкімдері жазаланады
Астананы су басса, қаладағы аудан әкімдері жазаланады
112
оқылды

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көктем келісімен қаланы ретке келтіру керек. Бұл – санитарлық тазалау, қарды уақтылы шығару, абаттандыру, қасбеттерді тиісті қалыпқа келтіру және т. б. жұмыстар көбейеді. Тұрғындар тарапынан өтініштер жиілеп кетті. Қаланы аралау барысында барлық аудан әкімдерінің өз жұмыстарын сапалы атқара бермейтіні көрінеді. Аудандық әкімдіктерде жауапкершілікті бір-біріне бұру фактілері бар», – деді Алтай Көлгінов.   [caption id="attachment_126583" align="aligncenter" width="1200"]су Фото: А.Көлгіновтың парақшасынан алынды[/caption] Тұрғындар тарапынан ең көп шағым Есіл және Алматы аудандары бойынша түсіп жатыр. Сондықтан Алматы және Есіл ауданының әкімдеріне қатаң ескерту жасалды.

«Барлық аудан әкімдеріне кабинеттерден шығып, өз аумақтарын жаяу аралап, мәселелерді шешуді, сеніп тапсырылған учаскелерге жауап беру тапсырылды. Барлық кемшіліктер қысқа мерзімде түзетілуі керек. Жұмыстарды сапасыз және уақтылы орындамаған жағдайда тәртіптік жауапқа тартамыз», – деді Көлгінов.