Үйдің кіреберісінде қызды пышақпен қорқытқан күдікті ұсталды
Үйдің кіреберісінде қызды пышақпен қорқытқан күдікті ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

7 сәуірде сағат 18.00 шамасында Жамбыл көшесіндегі үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасады деген күдікпен Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған. Күдікті Полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу басталды.