Рамазан айында астанада ауызашар өткізуге рұқсат па?
Рамазан айында астанада ауызашар өткізуге рұқсат па?
107
оқылды
«Маңызды діни мереке – қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Қала тұрғындарына мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Біз адамдардың діни сеніміне құрметпен қараймыз. Алайда, қауіпті коронавирус пандемиясы денсаулыққа қауіп төндіреді», – деді Сархат Бейсенова. Сондықтан қалада санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау күшейтіледі.

«Сақтық үшін көп адам бір үйге, бір жерге жиналуға болмайды. Ауру 65 жастан асқан адамдар үшін өте қауіпті. Сондықтан қасиетті Рамазан айында ауызашарды тек өз отбасында ғана өткізуді ұсынамыз. Бірлікпен пандемияға қарсы күресуге шақырамыз», – деді астананың бас санитар дәрігері.

Бүгінгі эпидемиологиялық ахуал бойынша 8 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр. Оның ішінде, астана, Алматыда науқастар саны күрт көбейген.