Целиноград ауданында 11 елдімекенді су басты
Целиноград ауданында 11 елдімекенді су басты

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 11 елдімекенде су көше бойын алып кеткен. Құтқарушылар қазіргі уақытта апаттан құтқару үшін еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Күрт еріген қардан облыс аумағындағы су басу қаупі төнген аймақтарда қауырт тірлік жүріп жатыр. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық күш-құрылымдарының құтқару жұмысына жұмылдырылғанын баяндады.    width=  width=
«Қоянды ауылындағы жылдам ерігер қардың суынан суға кеткен үш үй мен олардың ауласынан суды сору жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл ауылдарында суды сорып жатыр. Бүгін таңертең 10:35-те Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының МИ-869 тікұшағы су тасқынының жағдайына мониторинг жүргізу үшін Вячеслав су қоймасы-Қоянды-Илинка» бағыты бойынша ұшып шықты. Тікұшақ бортында Төтенше жағдайлар департаментінің, Ақмола облысы әкімдігінің, экология, Геология және табиғи ресурстарды қорғау министрлігінің және «Қазгидромет» РМК өкілдері бар», – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Қазіргі таңда Ақмола облысында елдімекендерді су басуына жол бермеу мақсатында қар шығарылып жатыр. Жалпы облыс аумағынан 447 813 текше метр қар шығарылса, сондай-ақ 177921,8 текше куб су сорылған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы