Өнер қайраткерлері Мемлекет басшысының атына ашық хат жолдады
Өнер қайраткерлері Мемлекет басшысының атына ашық хат жолдады
549
оқылды

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұжымындағы өзгерістерге байланысты бір топ өнер қайраткерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолдады.

Хатта өнер қайраткерлері тарихы тереңнен тыныстанатын театрдың қоғам өмірінде алатын ерекше орнын атап өтті. Соңғы жылдағы ауыр ахуалға қарамастан театр ұжымы халықты рухани азықтандыруды тоқтатпағанын жеткізді. Мұның барлығы осы саланың қыр-сырын жетік білетін, кризис-менеджер Ая Қалиеваның еңбегі дейді өнер қайраткерлері. өнер Айта кетейік, 2021 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұған дейін ұжымды басқарған Ая Қалиеваның орнына Таир Қаратаев тағайындалды.