Ұлын үйлендірген қытайлық әйел той үстінде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын тауып алды
Ұлын үйлендірген қытайлық әйел той үстінде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын тауып алды

Қытайдың Цзянсу аймағындағы Сучжоу қаласының тұрғыны ұлының үйлену тойы үстінде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын тауып алды. Қалыңдық өз қызы болып шықты, - деп хабарлайды Lenta.ru

31 наурыз күні ұлының үйлену тойы кезінде әйел қалыңдықтың қолынан меңді байқап қалған. Айтуынша, оның жоғалтып алған қызында да дәл осындай мең болған. Күдігін сейілткісі келген қытайлық әйел қалыңдықтың ата-анасына барып, "оны 20 жыл бұрын асырап алған жоқсыздар ма?" деп сұраған. Бұл деректі құпияда ұстаған отбасы қызды жол жиегінен тауып алғандарын айтыпты. Олар қызды қамқорлығына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсірген. Қалыңдықтың айтуынша, өз тойында туған анасымен кездесу бақытты сәттің бірі болған.

Ана кішкентай қызын жоғалтып алғанннан кейін ер баланы асырап алғанын айтады. Осылайша қалыңдық пен күйеу жігіттің үйлену тойы еш кедергісіз өтті.