СҚО-да жоғалып кеткен 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр
СҚО-да жоғалып кеткен 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері  мен еріктілер бес күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған бойжеткенді іздестіріп жатыр. Еріктілердің айтуынша, Петропавл тұрғыны Елизавета Алимовна Матюхина 22 жаста. 3 сәуір күні сағат 12.00 шамасында тұрғылықты жері - Уәлиханов көшесі, 17 үйден шығып кеткен. Қайда кеткенін ешкімге айтпаған. Бойжеткеннің бойы 165-167 см шамасында, арықша келген, қой көзді, сарғылт шашты. Алдыңғы екі тісі алға шығыңқырап тұрады. Сол күні үстінде капюшоны бар қара күртеше, қара көк шалбар және аяғына галош киген. Жоғалған адам жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 608 88 49, 8 701 375 92 91, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.