Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Е.Ертісбаев: «Революция жаппай дағдарыспен және мемлекеттің жерін жоғалтумен аяқталады»

Бұл жолғы шығарылым талай халықты сорға қалдырған, экономикаларды жұтатқан түрлі-түсті төңкерістерге арналды.

Айхан ШӘРІП
Сәуір 8, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Е.Ертісбаев: «Революция жаппай дағдарыспен және мемлекеттің жерін жоғалтумен аяқталады»

Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Ермұхамет Ертісбаев Yertysbayev Live YouTube-арнасындағы сұхбатында мәлім етті.

Бұл жолғы шығарылым талай халықты сорға қалдырған, экономикаларды жұтатқан түрлі-түсті төңкерістерге арналды. Саясаткердің байламынша, әлемдегі алуан-түрлі революциялардың басты теоретигі әрі идеологы Джин Шарп (Gene Sharp) саналады.

«Сонау 1964 жылы Оксфордта ол авторитарлық режимдерді тағынан тайдырудың күш қолданылмайтын әдістеріне арналған диссертация қорғады. Оның 1993 жылы жарыққа шыққан басты кітабы да «Диктатурадан демократияға қарай» деп аталады. Бұл туынды әрекет етуші және болашақ барлық революционердің нұсқаулығына, әдістемесіне айналды. Себебі, Джин Шарп билікті зорлық-зомбылықсыз құлатудың 198 әдісін көрсетті», – деді Е.Ертісбаев.

Мәселен, Нью-Йорк Таймс Д.Шарпты «араб көктемі» революциясының ұстазы әрі идеологы» деп атады. Осының алдында аталған туынды араб тіліне аударылған және араб әлемінде танымалдылыққа ие болды.

Бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды

Наурызды тұғырына қондырған тұлға

Әлихан Бөкейхан – ұлттың мыңжылдық арманы туғызған тұлға – Дихан Қамзабекұлы

Түрлі-түсті революциялар Украинада, Қырғызстанда, Грузияда және басқа да мемлекеттерде жүрді. Бірақ бұған сонымен бірге осы елдердегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, жаппай жемқорлықтың жайлауы және кедейшілік те түрткі болды. Яғни, ішкі проблемалар шешілмесе, олар билік төңкерісіне серпін береді.

Айтқандай, саясаткер неге одақтасымыз Беларусь президентінің басы бәлеге қалғанын ескертті.

«Беларусь басшысы Александр Лукашенко «беларустық оппозиция Шарптың кітабын басшылыққа алып, әрекет етті» дейді. Беларустарға айтқанмын: егер олар 2019 жылы билік транзитінің қазақстандық моделін таңдағанда, яғни Лукашенко Бүкілбеларустық халық өкілдері жиналысын құрып, президент орнын өзгеге тапсырғанда, қазіргідей үлкен наразылық шерулері болмайтын еді», – деді Е.Ертісбаев.

Саясаткер осы тұста бір нәрсеге назар аударды: Шарптың тәсілі «жұмсақ күш» құралдарын пайдаланып, билікті күш қолданусыз, зорлықсыз тартып алуды қарастырғанымен, шынында оның арты бәрібір қантөгіске соқтыратыны аңғарылады.

«Мен бұл кітапты аса мұқият, шұқшия оқып шықтым. Онда көтерілісшілерді қаруға қол жеткізуге шақыратын тұстары бар. Мысалы, 148-ші әдісінде армияда бүлік шығаруды ұсынады. «Авторитарлық режим» күйреуі үшін әскердегі бүлікті қалай ұйымдастыруға болатынын үйретеді. Сондықтан протестік электорат арасында өте танымал Джин Шарптың кітабы биліктегілердің үрейі мен қатал қарсылығын туғызады», – деді Ермұхамет Қабиденұлы.

Ол революцияға жол бермеу үшін биліктің не істеуі керегін айтып берді.

«Егер билік халықтың жаппай наразылығына соқтырар ірі проблемаларды мүлдем елемесе, заман мен қоғамның өзгеруіне тез бейімделетіндей икемді болмаса, тіпті оқиғаның теріс өрбуі сценарийлерін, ірі түйткілдерді алдын ала болжап білердей көрегендік таныта алмаса революция кез келген мемлекетте болады. Бірақ Қазақстанда билік осы бағытта, ықтимал революцияларды болдырмау мақсатында жеткілікті түрде белсенді қимылдауда», – деді Е.Ертісбаев.

Ол Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстанның да түрлі-түсті төңкеріске мейлінше тақап келген кезі болғанын жеткізді.

«Мен ашығын айтайын. Құдай бетін аулақ қылсын, егер Қазақстанда революция болса, ол жаман аяқталады: елді жаппай былық жайлайды, мемлекеттің территориясы жік-жікке бөлініп кетуі мүмкін. Сондықтан мен төңкеріс атаулыға үзілді-кесілді қарсымын! Әйтсе де, Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та билік тізгінін нық ұстап отыр. Оппозиция лидері Қосанов оның президенттік сайлаудағы сөзсіз жеңісін мойындады, сол себепті жақтаушыларын көшеге алып шыққан жоқ. Екіншіден, АҚШ президенті, батыс лидерлері де лезде Тоқаевты легитимді Мемлекет басшысы ретінде ресми таныды. Яғни, ішкі және сыртқы факторлар игі ықпал етіп, ықтимал саяси дағдарыс ұшқыны тұтана алмай қалды», – деп түйді Ермұхамет Ертісбаев.

 

 

 

 
ID: 7
Тегтер: Ертісбаевреволюциятұлға
Алдыңғы жаңалық

Оралда бір топ ер адам кассирді ұрлап әкетіп, дүкен мен айырбастау пунктін тонаған

Келесі жаңалық

БҚО-да ұрылар жалған тапаншамен дүкен мен валюта айырбастау пунктін тонап кеткен

Ұқсас жаңалықтар

жүк көлігі, жүргізуші
Жаңалықтар

Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты – видео

Сәуір 18, 2021
кинотеатр
Жаңалықтар

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
жұмыртқа
Жаңалықтар

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 2021
коронавирус
COVID-19

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты – видео

Сәуір 18, 11:18

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 10:39

Жұмыртқа пісірудің ең дұрыс және зиян әдісі белгілі болды

Сәуір 18, 10:12

Бір тәулікте 22 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Сәуір 18, 09:52

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Сәуір 18, 09:27

Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып кеткен

Сәуір 18, 00:24

Қарағандыда 274 киік мүйізі мен қаруы бар үш адам ұсталды

Сәуір 17, 23:28
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жүк көлігі, жүргізуші

Ақмола облысында жүк көлігі шұңқырға батып, жүргізуші қаза тапты – видео

Сәуір 18, 2021
кинотеатр

Ashyq қосымшасынан өте алмай қалған үш алматылық кинотеатрға кіргізілмеді

Сәуір 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»